Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың, экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің және Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кірудің маңызды басым міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламаға сәйкес колледжді дамытудың стратегиялық жоспары әзірленді.
Стратегиялық даму жоспары-бұл колледж миссиясын жүзеге асыруды және колледж мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар. Стратегиялық жоспардың құрылымында колледждің даму бағдарламасы бар, ол қызметкерлердің қызметін бағыттайды, жаңа талапкерлерді тартады және тұтынушыларға білім беру қызметтерін жүзеге асырудың негізі болып табылады.
Колледждің стратегиялық даму жоспарын қорғау Ақмола облысының ББ өтті. Жоспар туралы баяндамамен және презентациямен колледж басшысының А. А. Уразов сөз сөйледі.