Фг-19 фермерлік шаруашылығы тобында 2020 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Фг-19, 2 курс тобы"фермерлік шаруашалығы "мамандығы бойынша технологиялық, өндірістік тәжірибеде болады. Топта 24 оқушы, барлығы жұмысқа орналастырылды. Студенттер Дулина Ирина,Молдабек Ерғұлан, Талипов Мырзағали Ақкөл қаласындағы нысандарда ТОО, СТО, ИП, КХ ларда және қалған оқушылар өздерінің тұрғылықты жерлерінде тәжірибеден өтіп жұмыс істеп жатыр. Комбаиында жұмыс жасауды, тракторларға жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін орындайды.Тәжірибенің өту аралығы 02.09.2020-31.10.2020 технологиялық өндірістік тәжірибеден өту мақсаттары, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімдерін іс-жүзінде жасап көру.
Мақсаттары: Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану.