Кәсіптік бағдар беру жұмысы білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Жастарды кәсіптік бағдарлауға қатысу "Агротехникалық колледж, Ақкөл қаласы" МКҚК педагогикалық ұжымымен жүзеге асырылады, бұл талапкерлер санын арттыруға және колледж контингентін қалыптастыруға ықпал етеді.
14 сәуірде колледжге №2 АСШ тоғызыншы сынып оқушылары келді. Оқушыларды дайындық жүргізілетін мамандықтармен таныстырды. Топтық және жеке экскурсиялар өткізілді, оқушыларды мұғалімдер мен өндірістік оқыту шеберлері қарсы алды, олар болашақ студенттерді оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, оқу процесін жүргізу кезіндегі техникалық мүмкіндіктермен таныстырды. Оқушылар шеберханаларды, дәрісханаларды, зертханаларды аралап көрді. Кітапханаға, асханаға, спортзалға және гараж аумағына барды.
Колледжде өткізілетін іс-шаралар туралы БАҚ-ты тұрақты түрде хабардар ету тәжірибесі бар. Бұған әлеуметтік желілер де үлкен көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта өткізілген барлық іс-шаралар Фейсбукте, Instagram-да және колледж сайтында көрсетіледі.