Текст
«Ақкөл қаласы, №10 Агротехникалық колледжі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» атты іс шара қызықты және көңілді өтті.
Топ студенттері Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың асханасы мен дәстүрін таныстырды. Өйткені Қазақстан 140 ұлт өкілдері үшін туған үй болған. Қазақстанда 18 млн. адам бір отбасы болып жасап келеді. Қазақстанда тұратын халықтар тең құқылы, олар барлығы өз тілдерін және ұлттық мәдениетін дамытуға толық құқылы.
Мерекеде студенттер би биледі және ән салды. Мерекенің аяқталуы өте әсерлі болды, түрлі ұлттар бір шаңырақтың астына жиналды. Біздің жерімізде бейбітшілік және келісім- бұл осында тұратын адамдардың туыстығы мен даналығы.