2021 жылдың 15 қазанынан бастап Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы "Ақкөл қаласы, агротехникалық колледжі" МКҚК 2 курс студенттері 86 адам практикалық оқудан офлайн режимінде теориялық оқуға шықты. 18 қазаннан бастап студенттерде практиканы қорғау өтті.Тәжірибе бойынша есеп беру үшін әр студент өз мамандығы бойынша:
-Фермер шаруашылығы;
- Тамақтандыруды ұйымдастыру;
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
- Дәнекерлеу ісі
практика бағдарламасына сәйкес қандай практикалық дағдылар мен машықтарды меңгергенін айтты. Практика кезінде студенттерге тәлімгерлер бекітіліп, осы кезеңде студенттер тапсырмалар алды, оларды жұмыс күн тәртібіне сәйкес орындады. Тәжірибеден өту кезеңінде көптеген студенттер жалақы алды. Қорытындылай келе, екінші курс студенттері өндірістегі оқу практикасы-бұл болашақ кәсіби қызметімен танысу деген ой білдірді.