26.11.2025
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 20 қарашада «Ақкөл қаласы, агротехникалық колледжі» МКҚК базасында «Слесарлық ісі» құзыреттілігі бойынша Ақкөл қаласының мектеп оқушылары мен мен Акмола облысының агротехникалық колледждерінің студенттері арасында «Junior Skills» кәсіби шеберліктің облыстық конкурсы өтті.
Іс-шара «Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің қолдауымен өткен болатын.
Биыл конкурс жаңа, практикаға бағытталған форматта өтті: студент-тәлімгер мен мектеп оқушысы жұптасып жұмыс істеді, бұл қатысушыларға кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істеуге, тәжірибе бөлісуге және бір-біріне қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Конкурстық бағдарламаның әзірлеуші — колледждің өндірістік оқыту шебері Гордейко Владимир Павлович.
Жарысқа келесі ұйымдардың студенттері мен оқушылары қатысты:
• «Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі» МКҚК;
• Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Көпбейінді инновациялық колледжі» МКҚК;
• Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК
• Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК Егіндікөл ауылының бөлімшесі;
• «Ақкөл қаласы, агротехникалық колледжі» МКҚК;
• Ақкөл қаласының №1, №2, №3, №4 жалпы білім беретін мектептері.
Конкурс қорытындысы:1 орын — •«Ақкөл қаласы, агротехникалық колледжі» МКҚК студенті Ұлмерген Иманғали (тәлімгер Струков В. Г.) және №4 АОМ оқушысы Иванов Артём (тәлімгер Блялова К. К.).
2 орын — «Көпбейінді инновациялық колледжі» МКҚК студенті Болдиков Владимир (тәлімгер Кайруллина А.Н.) және №1 АОМ оқушысы Олейник Тимофей (тәлімгер Жакупов М.С.).
3 орын — «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК студенті Рыбкин Никита (тәлімгер Мырзабаев М.Т.) және №4 АОМ оқушысы Первяков Данил (тәлімгер Блялова К.К.).
Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар мен грамоталармен марапаттталды, ал тәлімгерлерге қатысушыларды дайындау үшін сертификаттар берілді.