22.10.2025
Ақмола облысы жастар - ресурстық орталығының жыл сайынғы "Жастарға ақпараттық түсіндірме тобы" Ақкөл ауданында орналасқан , агро техникалық колледжінің жастарымен кездесу өтті.
🔸Осы орайда, облыстық жастар - ресурстық орталығының басшысы - Ермеков Дастан Амангелдіұлы, "Волонтерлерді қолдау орталығы" фронт кеңсесінің басшысы - Хамзин Дидар Ахметұлы мен " NEET санатындағы жастармен жұмысты ұйымдастыру" бөлімінің міндетін уақытша атқарушы - Елеш Шыңғысхан Маратұлы кәсіпорын жастарына республика мен облыста болып жатқан өзгерістер, түрлі гранттық жобалар мен мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан көмектер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔹Шара соңында, орталық құрылымымен танысып, жастар саясатына қосқан үлесі үшін орталық қызметкерлерін марапаттады.