ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД АККОЛЬ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық сап және ән фестивалі

12.05.2025

Агротехникалық колледж студенттері Отан қорғаушылар күніне арналған «Сарбаздар ән салғанда» облыстық сап және ән фестиваліне қатысты.
06.05.2025 қаланың орталық алаңында өткен шараға аудандағы түрлі оқу орындарының өкілдері жиналып, сап және патриоттық әндерді орындауда өз өнерлерін көрсетті. Фестиваль отаншылдық сезімін, ел мен Қарулы Күштердің тарихына құрметпен қарауды тәрбиелеу алаңына айналды.
Агротехникалық колледжінің 17 студенттен құралған командасы фестивальге А.С.Балмұханов, А.А.Байдашев жетекшілігімен дайындалды. Қатысушылар сапта үйлесімділік пен «На заре» әнін мәнерлі орындауды көрсетті.
Колледж командасының өнерін қазылар алқасы бағалап, «Үздік көрініс», «Үздік саптық дайындық», «Қатысқаны үшін» номинациялары бойынша дипломдармен және мадақтамалармен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DJUGYFISd5C/

Просмотров: 26


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст