ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД АККОЛЬ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақкөл қаласы, агротехникалық колледжі» МКҚК-ның мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 2024 жылғы есебі

28.02.2025

Қазақстан Республикасының 15.04.2013 жылғы «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңыңа сәйкес мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

   «Ақкөл қаласы, агротехникалық колледжі» МКҚК-ы келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарына құжаттар қабылдау.

2. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру.

 3. Техникалық және кәсіптік білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру.

5. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау

6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау.

7. Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерге тегін тамақтануды ұсыну.

8. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру.

9. Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету).

2024 жылы колледж 326 мемлекеттік қызметті көрсетті, оның ішінде:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 10,

- «электронды үкімет» веб-порталы арқылы - 10,

- қызмет көрсетушінің ақпараттық желісі арқылы электронды түрде - 274,

- қағаз түрінде – 32.

4  өтінім бойынша негізделген бас тартулар жасалды. Мемлекеттік қызмет электрондық және қағаз түрінде, тегін көрсетіледі.

 Есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзу орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

Тұрғындарды мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін колледж ғимаратында ақпараттық стендтар орналастырылған, интернет-ресурста мәлімет жарияланды, инстаграмм әлеуметтік желісінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде: жарияланымдар – 13, тікелей эфирлар – 7. Сондай-ақ қажетті ақпаратты  8(71638) 21946 телефоны бойынша немесе колледждің  Ақкөл аласы, Луганская көшесі, 6 мекен-жайы бойынша келіп алуға болады.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын жоғарылату мақсатында келесі іс-шаралар жоспарлануда: мемлекеттік қызметтерді уақытында көрсетуді одан әрі жалғастыру, мемлекеттік қызметті көрсететін қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі, тұрғындарды мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы әлеуметтік желілер арқылы хабардар ету, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметі алуға керекті жағдайды жасау, қызмет алушылардың шағымдарын қарастыру және оларға қарастыру нәтижесі жайлы хабарлау, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық және сенімді ақпаратты ұсыну.

 

 

Просмотров: 190


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст