"Есептеу техникасы және ақпараттық желілер"мамандығы бойынша топтағы өндірістік практика
01.12.2024
О-23 тобының студенттері, «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығы бойынша, ө/о шебері Бекмагамбетов А.Б. жетекшілігімен қала кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтуде! Бұл тәжірибе студенттерге нақты жұмыс тәжірибесін алуға, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және болашақ мамандығын терең түсінуге мүмкіндік береді.
«Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығы технологиялар, инновациялар және цифрлық шешімдердің дамуына маңызды үлес қосады. Осы салада алынған білімдер қазіргі қоғамның әртүрлі салаларында сұранысқа ие.