ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД АККОЛЬ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КҚМК Ақкөл қаласы Агротехникалық колледжде «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты адалдық сағаты өткені туралы мәлімет

02.02.2021

КҚМК Ақкөл қаласы Агротехникалық колледжде 01.02.2021 жылы «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты адалдық сағаты өтті. Шәкәрім – жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.

Сынып сағаты барысында жастар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты.

Ақын «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи», – деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, парасатты тұлға болып қалыптасу үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуы керектігін ашып көрсеткен.

Шәкәрімнің асыл ойлары адалдық, әділдік, ынсап, әділет, мейірім сияқты асыл қасиеттерді кірлетпеуге негізделген.

Просмотров: 220


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст