/public/files/2026/2/26/260226_160808_atk-akkoly-otchet-2025-kaz.docx
2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы
қызмет туралы есеп
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ақкөл қаласы, агротехникалық колледжі» МКҚК көрсетеді, заңды мекенжайы: Ақкөл қ., Луганская көш., 6.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
«Ақкөл қаласы, агротехникалық колледжі» МКҚК келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау.
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру.
3. Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.
5. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрі бойынша ауыстыру.
6. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрі бойынша қайта қабылдау.
7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау.
8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) және патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну.
9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру.
10. Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету).
11. Білім беру ұйымдары педагогінің бос немесе уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсына қатысу үшін құжаттарын қабылдау.
2025 жылы колледж жеке тұлғаларға 230 мемлекеттік қызметті көрсетті, соның ішінде:
- «электрондық үкімет» порталы арқылы - 72,
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы- 0,
- электронды түрде қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы– 64,
- қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қағаз түрінде - 94.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден қағаз түрінде негізделген 1 бас тарту болды. Барлық мемлекеттік қызметтер электронды және қағаз түрінде тегін негізде көрсетіледі.
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер
Қызметалушыларға қажетті ақпарат колледждің ресми интернет-ресурсында http://pt0001.akkol.aqmoedu.kz/ орналасқан.
Халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін колледж ғимаратында ақпараттық стенд орналасқан, инстаграмм әлеуметтік желісінде түсіндіру іс-шаралары өткізіледі. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
2025 жыл бойынша колледж 7 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде 4 жарияланым, 3 тікелей эфир бар.
3) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдары туралы ақпарат
2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары
Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтау;
- мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету;
- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
- мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтуі.